
Заңсыздыққа жол бергендер ұсталды (ВИДЕО)
Атырау аумағында үш қабатты жатақхананың құрылысында заңсыз жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының 15 азаматы ұсталды. Оларға көші-қон саласының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, оларды жұмысқа алған кәсіпкерге 126 мың көлемінде айппұл салынды. Арзан жұмыс күштері егіндік алқаптардан да анықталды. Атырау облысының ауылдық округіне қарасты ауылшаруашылығында 10 өзбекстандық азамат заңсыз жұмыс жасаған.16-19 шілде аралығында «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы барысында 34 шетелдік азамат анықталып, қабылдап тіркеу орнына жеткізілді, 14 шетел азаматы сот үкімімен ел аумағынан шығарылды.Сонымен қатар, арзан жұмыс көзін табу мақсатында шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 49 қазақстандық жұмыс берушіге қомақты көлемде айыппұл салынды.