
Тәжірибеден өткен студенттерге еңбекақы төленеді (ВИДЕО)
Атыраудағы техникалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Бұл сәуір айында мұнай тасымалы компаниясы басшылығымен жергілікті оқу орындарының жетекшілері арасында жасалған келісімшарт нәтижесінде жүзеге асуда. Бастама «Жастар жылы» аясында қолға алынды.