
"Самғау" жобасы жұмысын бастады (ВИДЕО)
Самғау жобасы аясында Құрманғазы ауданында тамыздың 7 мен 11-і аралығында жоспарланған семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Облыста алғаш рет іске асып жатқан жобаның басты мақсаты-аймақта жасөспірімдер мен жастарды оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамыту, сұранысқа ие жас мамандарды даярлау. Халықаралық және аймақтық тренерлер аудан бойынша 28 мұғаліммен 4 күн бойы тәжірбие алмасып, ауылдық тренерлерді дайындап шығарады. Ал олар тренинг кезінде алған тәжірибелері арқылы ауыл жастары үшін дәрістер жүргізеді. Жалпы жоба аясында 20 аймақтық, 144 ауылдық тренер даярлау және1800-ге жастарды оқыту жоспарланып отыр.