
"Ризашылық" күні (ВИДЕО)
Қараша айының төртінші аптасы Ризашылық күні. Айтулы мерекені отбасылық үлгіде тәрбиеленіп жатқан балалар да кең көлемде атап өтті. Шара барысында балғындар өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұған қоса, арнайы келген меймандарға жеткіншектер тәтті дәмділерін ұсынып, сыйлықтарын табыс етті.Бүгінде мұнда 60 - тан аса 4-18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде. Дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын шара биыл да жалғасты.