
ПАРА АЛҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Атырауда қарамағындағылардан пара алып келген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Инспекторлардан ақша жымқырған рота командиріне "бір жылға бас бостандығын шектеу" жазасы берілді. Енді ол жасаған қылмысы үшін пробация есебінде тұрады. Сотталған азаматқа белгіленген аумақтан шетел асуына тыйым салынды. Ал оның заңға қайшы әрекеттеріне куә бола тұра, жасырып келген орынбасары 800 мың теңгеден астам айыппұл арқалады. Екеуі де полиция шенінен айырылды. Жаза тағайындау барысында айыпталушылардың отбасылық жағдайы да ескерілген. Еске салайық, облыстық полиция департаментінің рота командирі лауазымын асыра пайдаланып қарамағындағы қызметкерлерден қаржы алып келген. Сол арқылы командир жас мамандардың жұмыстағы қателіктеріне көз жұма қарауға уәде берген.