ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ДӘРІ ТАПШЫ

22:45, 29 маусым 2020

ӨҢІРДЕ ДӘРІ ТАПШЫ

Өңірде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1617 адамға жетті. Оның 1061 і Теңіз кенішінің қызметкерлері. Қазір облыстағы 565 адам инфекциялық орындарда, 323 і ТШО өндірістік аймағында, 203 адам Атырау қаласындағы №2 облыстық ауруханасында, 39 науқас Махамбет аудандық диспансерінде және провизорлық орындарда - 422, карантинде - 195, сонымен қатар үй карантинінде - 1725 адам ем-дом қабылдауда. Коронавирус инфекциясының күн санап ушығуына байланысты, Облыстық аурухананың жанынан 120 кереуеттік, облыстық кардиологиялық орталықтың жанынан 100 керуеттік инфекциялық стационар ашу жоспарда бар. Бұдан басқа, демеушілердің көмегімен ПЦР-тестілеу 2 жабдығымен қамтамасыз етудің арқасында, қаладағы емханалардың бірінің жанынан ПЦР-зерханасын ұйымдастыру қолға алынбақ. Бүгінде тестілеуге арналған зертханалардың қарқыны 3700 сынаманы құрап отыр. Науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында, инфекциялық стаицонардың қорында 1 айға жететін дәрілік заттар қалды. Сонымен қатар, дәріханаларында пневмония мен ОРВИ-ді емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің тапшылығы бойынша проблемалар да бар. Қазіргі уақытта, үйде амбулаториялық бақылаудағы пациенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін тәулік бойы Coll-орталық жұмыс істеп тұр, онда дәрігерлер медициналық консультациялар беруде. Айта кетейік, өңірде 1 маусымнан 29 маусым аралығында пневомания ауруымен 422 адам тіркеліп, өсім 89% құрап отыр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
22:54, 8 шілде 2020
"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
20:26, 2 шілде 2020
ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ  171 АДАМҒА ЖЕТТІ
20:25, 2 шілде 2020
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 171 АДАМҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
22:24, 3 шілде 2020
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...