
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Махамбет ауданына сапары (ВИДЕО)
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданына іс-сапармен барды. Аймақ басшысы және "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов "Өнерпаз "мәдениет үйінде өткен көшпелі жиынға қатысты. Жиында Атырау облысының кәсіпкерлік саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Алдымен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аудан және Махамбеттік кәсіпкерлер өнімінің көрмесін тамашалады. Көрмеге Қолөнер, ұлттық киім, азық-түлік шығаратын барлығы 25 кәсіпкердің өнімі қойылды.