
Облыс әкімі дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевпен кездесті (ВИДЕО)
Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевпен кездесті. Кездесуге дипломаттың серіктестері, ауылдастары шақырылды. Атырау облысының Құрманғазы ауданында туып- өскен Қайрат Исағалиев Алматыдағы шет тілдері институтын француз тілі мамандығы бойынша аяқтап, бірнеше жыл Алжирде аудармашы қызметін атқарды. Бұдан соң шет елдермен достық және мәдени байланыстың Қазақ қоғамында, Қазақстан Компартиясы халықаралық байланыстар бөлімінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс жасады, қазақстандық шетелдік туризм саласын басқарды. Қазақстандық дипломатияның қалыптасу кезеңінде ЮНЕСКО-мен байланыс комиссиясында белсенді қызмет етіп, осы құрылымының қалыптасып, дамуына зор үлес қосты.