ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ БАС МҮФТИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

21:12, 15 қазан 2020

ОБЛЫС ӘКІМІ БАС МҮФТИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. «Кездесу барысында тараптар өңірдегі діни ахуал, кадр мәселесі, теріс ағымдармен күрес тақырыбын талқылады». Мүфтият карантин кезінде бірқатар маңызды құжаттарға өзгерістер енгізген. Пандемия жағдайында жаназа шығару, ас беру рәсімінің арнайы тәртібі бекіткен. Өңір басшысы діни кадрларды даярлау мәселесінде жергілікті атқарушы билік тарапынан көмектің үзілмейтінін айтты. Биыл Атырау облысы әкімінің қолдауымен бес шәкірт Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак университетіне грантқа қабылданды. Екі күндік жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында жаңа мешіт пен Атырау қаласында салынған "Имамдар үйін" салтанатты түрде ашады деп күтілуде.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨК ТУ - ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТI, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
22:30, 23 қазан 2020
КӨК ТУ - ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТI, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ОЙЫН-САУЫҚТЫҢ КӨРІГІ ҚЫЗДЫ
21:09, 19 қазан 2020
КАРАНТИНДЕ ОЙЫН-САУЫҚТЫҢ КӨРІГІ ҚЫЗДЫ
Толығырақ...