ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

НҰРЗИЛА САРСЕНОВА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

23:30, 10 шілде 2020

НҰРЗИЛА САРСЕНОВА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Қаралы хабар. Атырау қаласының Құрметті Азаматы, ел анасы, жарты ғасырға жуық уақытын білім саласына арнаған ардагер ұстаз Нұрзила Сарсенова өмірден озды. Ол 1947 жылы Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Жаңакүш ауыл советінде дүниеге келген. 1953-1963 жылдары Фурманов атындағы орта мектебінде оқып, 1965-1970 жылдар аралығында Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірді. 1970 жылдан бастап Атырау қалалық №7 Мұхтар Әуезов атындағы мектепте химия, биология пәні мұғалімі, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Бірнеше оқу-әдістемелік құралдар дайындап, халықаралық, республикалық конференцияларда, семинарларда, форумдарда, парламент мәжілісінде баяндама жасаған. Білікті мұғалім өңір педагогтарының біліктілігін арттыруға үлес қосқан бірден-бір маман. Сол еңбегі еленіп, «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған. Атырау телеарнасының ұжымы да марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
23:01, 7 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АНТЫНА АДАЛ  МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
22:17, 3 тамыз 2020
АНТЫНА АДАЛ МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
Толығырақ...
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
22:24, 3 тамыз 2020
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
Толығырақ...