
Мұз үстіндегі қауіпсіздік (ВИДЕО)
Күннің күрт суытуына байланысты облыстағы өзен-сулардың бетін мұз жапты. Бүгінде оның қалыңдығы жағалауда 7-8 см болса, ортасы 3-4 см. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, олар өзендегі ағыстың жылдамдығы мен тереңдігіне байланысты мұздың қалыңдығы әркелкі екенін айтты.