

Қыс – 2018 (ВИДЕО)
«Қыс-2018»! Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу биыл Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округі аймағында өтті. Шараның басты мақсаты - облыстағы Төтенше жағдайлар қызметі мен көршілес Ресей мемлекетінің Астрахань облысы бойынша Бас басқармасымен бірлесіп шекаралық аймақта орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу. Оқу жаттығуға барлығы 103 маман қатысып, 31 техника жұмылдырылды.