ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ҚОҚЫСТАН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР ТАБЫЛДЫ

16:22, 14 қаңтар 2021

ҚОҚЫСТАН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАР ТАБЫЛДЫ

Алмалы ауылында шашылып жатқан қоқыс ала таңмен әлеуметтік желіні шулатты. Барлық сайттар да жарысы жазды. бұл әдеттегідей тұрмыстық қалдықтары бар үй қоқысы емес. Суреттен байқағанымыздай, онда мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қолы қойылған қағаздар, бірнеше жеке куәліктер, өзге де ресми құжаттар, тіпті мөр де жүр. Бұл құжаттар қоқысқа қалай жетті? Том-том болған документтер қатарында халыққа қызмет көрсету орталығының Атырау облыстық филилы Атырау қалалық №1, №2 бөлімдерінің кесім құжаттары бар. Облыстық полиция департаменті тақырып турасында хабарлама таратты. Онда: "Құрылыс қалдықтарының орнын тексеру барысында барлық анықталған құжаттар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) Атырау филиалына тиесілі мұрағатта сақталатын маңызды қағаздар бар. Олардың арасында Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілген қызметтік және азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны расталды" делінген. Сондай-ақ, қоқыс заңсыз жерге төгілген. Қазір оны төккен автокөлік жүргізушісі мен лауазымды тұлғалар анықталуда.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АТЫРАУЛЫҚ ЖАС «AITYSTAR» ТЕЛЕЖОБАСЫНДА  ТОП ЖАРДЫ
20:07, 18 қаңтар 2021
АТЫРАУЛЫҚ ЖАС «AITYSTAR» ТЕЛЕЖОБАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ АМАНГЕЛДІ ДУЛАТҰЛЫ 70 ЖАСТА
20:05, 18 қаңтар 2021
ҒАЛЫМ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ АМАНГЕЛДІ ДУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар