
ҚАТТЫ ЖЕЛ ШАТЫРДЫ ҰШЫРДЫ
Шаһардағы ұйытқи соққан жел көпқабатты үйлердің шатырын ұшырды. Жылдамдығы 18-19 м/с-қа жететін екпінді дауылдан Нұрсая ықшам ауданындағы 84, Азаттық даңғылындағы №77 баспананың тұрғындарына қауіп төнді. Хабарлама төтеншеліктерге таңертеңгі сағат 7:10-да және 8:22-де келген. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы барды. Олар авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен бүлінген конструкцияларды қайта қалпына келтіріп, аймақты қоршаған. Айта кетейік, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Ал, өңірдегі дауылды ескерту ұялы байланыс операторлары арқылы кеше жарияланды.