
ҚАҢТАРДА АУА-РАЙЫ ҚАЛЫПТЫ
Қаңтарда атыраулықтар қатты бүрсең қаға қоймайтын секілді. Өйткені, синопниктердің болжамынша, ауа температурасы қалыпты. Яғни, сынап бағанасының орташа көрсеткіші -4 және 8 градус аралығында болады. Деседе, алдағы екі күнде антициклонның солтүстік-батыстан ығысуына байланысты оңтүстік-шығыс бағыттан жел күшейіп, аяз күтіледі. Осыған орай, мамандар тұрғындарға алыс сапарға шығуды шектей тұруға кеңес береді. Сондай-ақ, жұма күні облыстың кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.