ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

#JUMEKEN85 ӨЛЕҢ ЭСТАФЕТАСЫ

22:47, 29 маусым 2020

#JUMEKEN85 ӨЛЕҢ ЭСТАФЕТАСЫ

" Ақын солай, ылғи өзгеріп, жаңарып отыруға тиіс. Ол - адам. Өлең жазып қана емес, өмір сүріп келеді. Ол жыр тоқитын станок емес. Кеше мақтағаныңды бүгін айыптайсың, кеше оқыған кітабыңды бүгін қайта оқисың, басқаша әсер аласың. Өмір, уақыт заңы осылай." Бұл жыр жампозы Жұмекен Нәжімеденовтың ой орамдары. Қазақ поэзиясының қазынасына айналып, артында кесек еңбек қалдырған бір туар ақын тірі болғанында биыл 85 жасқа толар еді. Осы ретте, Атырау телеарнасы қаламгер есімін ұлықтау мақсатында JUMEKEN85 ӨЛЕҢ ЭСТАФЕТАСЫН бастаған болатын. Шар тарапты шарлап шыққан жыр шеруі өз мәресіне жеткенімен, халық жадында жатталып қалған ақынның жыр шумақтары редакциямызға әлі де жолдануда. Сонау Еуропадан келіп жеткен сәлемдеменің орны бөлек. Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаевтың қыздары челленджді қолдады. Үзіндіге зер салыңыз

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
22:54, 8 шілде 2020
"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
20:26, 2 шілде 2020
ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ  171 АДАМҒА ЖЕТТІ
20:25, 2 шілде 2020
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 171 АДАМҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
22:24, 3 шілде 2020
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...