
Иткөйлектің киесі бар (ВИДЕО)
Сіз "ит көйлек" кигізу дәстүрін білесіз бе? Ол дүниеге келген нәрестеге қырқынан шыққанға дейін кигізетін түймесіз көйлек. Оны жұмсақ әрі ақ матадан тіккен. Алайда, қазіргі жаһандану заманында бұл дәстүрді аналарыцмыздың бірі ұстанса, бірі білмейді. Көпшілік дайын киім-кешекті кигізе салуды әдетке айналдыруда. Бірақ, атадан мұра болған "иткөйлек" кигізудің астарында талай өнеге жатыр.