ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ. Толығырақ

Инватакси берілді (ВИДЕО)

21:37, 20 ақпан 2020

Инватакси берілді (ВИДЕО)

Мақаттағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тағы бір инватакси берілді. Ауданда жалпы 950 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың отыздан астамы мүгедектер арбасына таңылған. Жарымжан адамдардың әлеуметтік мәселелерін жеңілдету мақсатында ауданда 2017 жылдан бері инватакси қызметі ұйымдастырылып келеді. Доссор кентіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін 7 орынды Газел автокөлігі табысталды. Жаңа инватакси автокөлігі мүгедек арбасын көтеретін ЭлектрГидроКөтергі жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, жұмысақ әрі жайлы орындықтардың орнатылуы мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың жеңіл қозғалуына оңай болмақ. Енді жолаушылар діттеген  жеріне тегін  жетпек. Доссор кентінің тұрғыны Бағытжан Құлсариев І топ мүгедегі. Ол он жыл бұрын жұлын жарақатын алып, жұмыссыз қалған. Бұл күні берілген инватаксиге диспетчер ретінде қызметіне кіріскен оның қуанышы еселей түсті. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің үндеуі
13:12, 28 наурыз 2020
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің үндеуі
Толығырақ...