ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛАДЫ

22:46, 29 маусым 2020

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛАДЫ

Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылады. Медициналық мекеменің барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылады. Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен пресс-тур барысында белгілі болды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардио орталықта 70 провизорлық кереует бар. Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда. - Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп, онда 400 орындық инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз, - деді Бақытгүл Хаменова. Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония» диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы медициналық мекемелерге жатқызылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
22:54, 8 шілде 2020
"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
20:26, 2 шілде 2020
ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ  171 АДАМҒА ЖЕТТІ
20:25, 2 шілде 2020
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 171 АДАМҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
22:24, 3 шілде 2020
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...