
ЕРЕКШЕ ЕМДЕУ ТӘСІЛІ
Статистика сөйлейді. Тірек-қимыл қозғалысының нашарлауы еліміздегі әрбір екінші адамда кездеседі екен. Осы ретте өңірде бел омыртқа ауруын ерекше тәсілмен емдеу процедурасының көрсетілімі өтті. Оған облсытық спорт басқармасы қолдау білдірді. Көпшілікке таныстырылған сауықтыру жаттығу құрылғысы грыжа, протрузия, остеохондроз сияқты омыртқа проблемаларының шешімін табуға көмектеседі. Қазақстанға алғашқылардың бірі болып бұл емдеу процедурасын әкелген Әсемгүл Оразаеваның сөзінше бұл технология сан аурудың емін тауып, денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді.