ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

ӘЛИДІҢ ӨЛІМІ ЖҰМБАҚ КҮЙІНДЕ ҚАЛДЫ

18:54, 30 шілде 2020

ӘЛИДІҢ ӨЛІМІ ЖҰМБАҚ КҮЙІНДЕ ҚАЛДЫ

Осыдан үш ай бұрын айдың-күннің аманында із-түссіз жоғалып кеткен 1,5 жастағы Әли естеріңізде ме? Оқиға 20-шы мамырда Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшам ауданында болған еді. Есіктің алдында алаңсыз ойнап жүрген сәбиден анасы қапыда көз жазып қалады. Ізім-ғайым жоғалып кеткен бүлдіршінді 200-ге жуық тұрғын мен 400-дей ерікті, жауапты қызметкерлер шарқұрып күні-түні іздегентін. Әлидің денесі 2 тәуліктен соң ғана үй маңындағы септиктен табылады. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана болған жайттың анық-қанығын білгісі келді. Осы мәселеге қатысты үш ай бойы тергеу амалдары жүргізілген-тін. Алайда, кеше қылмыстық іс тоқтағаны туралы мәлімдеме жасалды. Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, балақайға ешкім қиянат жасамаған, қылмыстың белгілері байқалмаған. Яғни бүлдіршін септиктегі суға тұңшығып өлген. Ал сараптаманың ұзақ жүргізілуі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты - дейді жауаптылар.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
23:01, 7 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АНТЫНА АДАЛ  МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
22:17, 3 тамыз 2020
АНТЫНА АДАЛ МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
Толығырақ...
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
22:24, 3 тамыз 2020
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
Толығырақ...