Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат

Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат

23:24, 20 сәуір 2017   480

Елбасы мақаласы - еліміздің экономикалық және саяси  жетістіктерін дамыту  жолында рухани қорымызды байытатын,болашаққа бағдар жасайтын  маңызды құжат.  Жазба әрбір азаматтың туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуын үндейді. Сондай-ақ, мақалада  рухани   жаңғыру жолында  өзіміздің ұлттық және жеке байлығымызды нақты насихаттауға басымдық берілген. Бұл "Достық "үйінде өткен келелі жиынға қатысушылардың пікірі.  Айта кетейік, бүгін еліміздің  барлық аймақтарында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"  мақаласын талқылауға бағытталған бірыңғай республика күні өтуде. Атырауда өткен маңызды шараға  Қоғамдық келісім, Қазақ халқы  Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, жергілікті орган қызметкерлерінің өкілдері қатысты. 

 

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының ресми сайты

060005, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 үй Байланыс телефондары: 8 (7122) 45 83 00