ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

БОЗДАҚТАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ

17:53, 15 қазан 2020

БОЗДАҚТАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ

«Ер есімі - ел есінде». Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдан даласында мерт болған жауынгерлер ерлігін есте сақтау - бүгінгі ұрпақ парызы. Осы орайда Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында қан майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Тасқа қашалып жазылған жауынгерлердің есімін Талдыкөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ханшайым Аманованың еңбегін жерлестері ерекше атап өтті. Ол майдан даласынан оралмаған боздақтардың тізімін тірнектеп жинаған. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы 1941-1945 жылдары Талдыкөл және көршілес елдімекеннен сұрапыл соғысқа аттанған 500-ге жуық жауынгердің 201-і елге оралмаған. Олардың есімі тақтаға жазылды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ескерткіш маңына жас көшеттер отырғызды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨК ТУ - ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТI, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
22:30, 23 қазан 2020
КӨК ТУ - ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТI, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ОЙЫН-САУЫҚТЫҢ КӨРІГІ ҚЫЗДЫ
21:09, 19 қазан 2020
КАРАНТИНДЕ ОЙЫН-САУЫҚТЫҢ КӨРІГІ ҚЫЗДЫ
Толығырақ...