
БІЛІМ САЛАСЫНДА ӨЗГЕРІС КӨП
Енді студенттердің білім алған 5 жылы еңбек өтілі ретінде есептеледі. Тың бастама түлектердің жұмысқа қиналамай орналасуына мүмкіндік бермек. Бұған қоса, бекітілген заңнамаға сәйкес, бұрын білім алушылар 2-4 жылдай оқу ордасының табалдырығын тоздырса, ол нормаға да біраз өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министр студент жастарға арналған жағымды жаңалығымен өзінің фейзбуктегі парақшасында бөліскен. Жарияланған постта заңға енгізілген түзетулер жайлы толық ақпарат берілген.