
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет (ВИДЕО)
<p>Он бесінші ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осы ретте, Исатай ауданында волейболдан ардагерлер арасында облыстық турнир өтті. Спорттық сайысқа алты команда қатысты. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ауған ардагерлері және мұнай өндіруші кәсіпорын командалары бақ сынасты. Айта кетейік, бұл турнир қос бірдей интернационалист-жауынгер Жомарт Абуов пен Әлімғали Мұхановты еске алуға арналған.