ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

АТЫРАУЛЫҚТАР 40-ҚА ЖУЫҚ ҚАРУ МЕН 100-ДЕН АСТАМ ОҚ-ДӘРІ ТАПСЫРДЫ

23:31, 29 шілде 2020

АТЫРАУЛЫҚТАР 40-ҚА ЖУЫҚ ҚАРУ МЕН 100-ДЕН АСТАМ ОҚ-ДӘРІ ТАПСЫРДЫ

Атыраулық тұрғындар 40-қа жуық қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тапсырды. Ерікті түрде тапаншаларды тапсырғандарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн 700 мың теңге төленетіні көзделген. «Акцияның мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларымен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу. Шара барысында ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленеді»,- деп хабарлайды полиция департаменттегілер. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырауда қару тасымалдаған жүргізуші ұсталған болатын.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
23:01, 7 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АНТЫНА АДАЛ  МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
22:17, 3 тамыз 2020
АНТЫНА АДАЛ МЕДБИКЕНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
Толығырақ...
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
22:24, 3 тамыз 2020
"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ ОЯНБАЙ ҚАЛАМ..."
Толығырақ...