Атырауда ұрлық көбейген

Атырауда ұрлық көбейген

23:40, 19 сәуір 2017   118

Атырау облысында қылмыстық құқық бұзушылық өршіп тұр. Әсіресе оның үштен екісі ұрлық. Өткен жылы 9862 факт ттіркелген, ал жыл басынан бері оның саны  2557-ге жетіпті. Осының алдын алу үшін, Атырау облыстық прокуротурасында Үйлестіру кеңесі өтті. Кез-келген қылмыстың алдын алу үшін тиым салынатын құжат  түрлері көп болуы тиіс дейді құқық қорғаушылар. Мәселен, соңғы екі  жылда қолды болған зергерлік алтын бұйымдар мен қымбат бағалы заттардың ломбардқа құжатсыз өткізуі көбейіп кеткен.   Мәселен, биыл ұрланған 47 бұйым ломдардқа тапсырылған. Атырау облыстық прокуротурасының басқарма бастығы бұл мәселені шешу үшін ішкі істер органдары Алматы,  Костанай облыстарының тәжірбиесін негізге алып,  ломбардтармен айналысатын кәсіпкерлермен меморандум жасауды ұсынады. 

 

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының ресми сайты

060005, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 үй Байланыс телефондары: 8 (7122) 45 83 00