Атырауда интеллектуалдық марафон өтті

Атырауда интеллектуалдық марафон өтті

00:35, 19 наурыз 2017   156

"Білімге апарар жол".Осындай атаумен Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында  интеллектуалдық марафон өтті. Білімділер бас қосқан шараны ұйымдастырушылар Республикалық  "Асыл бала" Ассоциациясы  ," Каду" білім беру ұйымы  және "Юсимас" Халықаралық Академиясы. Марафонға қаладағы 7 мектеп пен 2 балабақшадан барлығы 94 бүлдіршін  қатысты.  Олар математика, логика, дүниетану, тарих, шығармашылық, әдебиет бағыттары бойынша өзара сынға түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгін жүзден жүйріктер анықталып, барлық қатысушылар арнайы сертификат иеленеді. Айта кетейік, мұндай интеллектуалдық марафон  республиканың барлық өңірінде өтпек. Оған шамамен, 3000 бала қатысады деп күтілуде.

 

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының ресми сайты

060005, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 үй Байланыс телефондары: 8 (7122) 45 83 00