Алиментке берешегі бар 219 борышкер жұмысқа орналасты

Алиментке берешегі бар 219 борышкер жұмысқа орналасты

21:40, 11 тамыз 2017   131

"Алименттер. Борышкерлермен күрестің 30 қадамы ". Осындай атаумен Атырауда  республикалық жоба  қорытындыланды.  Шара аясында  прокурорлар  мен Әділет департаментінің  мамандары  алиментке берешек азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпал етті.  Олардың бастамасымен өкілетті органдар мен ірі бизнес субъектілері арасында меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, бос жұмыс орны жәрменкесі ұйымдастырылды .  Қолға алынған шаралардың нәтижесінде жұмыссыз ретінде  алиментке борышкер 620 азамат есепке алынды.  

 

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының ресми сайты

060005, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 үй Байланыс телефондары: 8 (7122) 45 83 00