Адам өмірін арашалаған сот приставы марапатталды

Адам өмірін арашалаған сот приставы марапатталды

22:14, 14 шілде 2017   593

Мен адам өмірін құтқардым. Сонымен мақтанамын. Бұл сот приставы Мейрам Жұбановтың сөзі. Оны бүгін ерлігі үшін марпаттады. Естеріңізге сала кетейік, облыстық мамандандырылған ауданаралық сотындағы кезекті сот отырысында судьяның  қылмыстық іске қатысты шығарған үкіміне келіспеген айыпталушы өз-өзіне құл жұмсамақ болған. Сол кезде сот приставы Мейрам Жұбанов алғашқылардың бірі болып медициналық көмек көрсеткен. Осылайша, ол адам өмірін аман сақтап қалды. 13 жылдан бері сот жүйесінде қызмет ететін Мейрам Жұбанов сот  отырысы кезінде күтпеген оқыс оқиғалардың болатынын айтады. Сондықтан, қырағылық танытып, әрі мұқият болу керек, дейді.  

 

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының ресми сайты

060005, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 үй Байланыс телефондары: 8 (7122) 45 83 00