ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

28 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

17:43, 30 маусым 2020

28 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

Атырау облысында соңғы бес айда 1467 баспана пайдалануға берілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам адам тұр. Биыл солардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі. «Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 айында қаржыландырудың барлық көздері есебінен үй құрылысына 12,9 млрд теңге инвестиция бағытталды. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірде сатып алу құқығынсыз 157 пәтер жалға беріледі. Мұндай мүмкіндік халықтың аз қамтылған осал топтары мен көп балалы отбасыларына арналған. Ал кредиттік тұрғын үйге биыл 500-ге жуық адам қол жеткізбек. Бұл бағыттағы баспана құрылысына 5 млрд теңге қаражат қарастырылған», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несиемен «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінеді. Ал тұрғын үй кешендеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін 39 жобаны іске асыру көзделген. Бұл мақсатқа 10,3 млрд теңге қаражат жоспарланған. Сонымен қатар биыл Атырау облысында баспана құрылысына 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарланған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
22:54, 8 шілде 2020
"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
20:26, 2 шілде 2020
ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ  171 АДАМҒА ЖЕТТІ
20:25, 2 шілде 2020
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 171 АДАМҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
22:24, 3 шілде 2020
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...