ШҰҒЫЛ! Бала мектептен қуылмайды (ВИДЕО) Толығырақ

Зиялы қауым өкілдері рухани жаңғыруға үн қосты

19:30, 24 мамыр 2017

Зиялы қауым өкілдері рухани жаңғыруға үн қосты

Елбасының Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласына үн қосқан өнер, мәдениет, әдебиет саласының  майталмандары Нарын топырағына табан тіреді. Олардың арасында Исатай ауданының құрметті азаматы Мақсым Меңкешов, Дарын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері Светқали Нұржан, халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты Әлия Даулетбаева бар. Исатай ауданына келген топты аудан әкімі Марат Мурзиев қарсы алып, Исатай Тайманов мұражайы және Зинеден ата мешітімен таныстырды. Сонан соң тұрғындармен жүздесу Жалын мәдениет үйінде өтті. Мұнда өнер иелері Елбасы мақаласында айтылған болашаққа бағдар, адам санасының жаңғыруы туралы пікілерін білдірді. Оқушылар ақын өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Нарынның төл тумасы Мақсым Меңкешовтың ел жадындағы әндерімен жаңа туындылары шырқалды. Шара соңында аудан әкімі халыққа алғысын айтып қонақтарға шапан жапты.

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақ халатты абзал жандар наурыз мерекесін тойлады (ВИДЕО)
21:52, 16 наурыз 2018
Ақ халатты абзал жандар наурыз мерекесін тойлады (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тарас Қасымовқа ескерткіш ашылды (ВИДЕО)
18:15, 9 қыркүйек 2019
Тарас Қасымовқа ескерткіш ашылды (ВИДЕО)
Толығырақ...
Қарапайым адамдардың мүддесі қорғалады (ВИДЕО)
21:50, 10 қыркүйек 2019
Қарапайым адамдардың мүддесі қорғалады (ВИДЕО)
Толығырақ...
БЦЖ егу уақытша тоқтатылады (ВИДЕО)
22:03, 11 қыркүйек 2019
БЦЖ егу уақытша тоқтатылады (ВИДЕО)
Толығырақ...