
Жасөспірімдер арасында ұсақ құқық бұзушылық азайған (ВИДЕО)
Махамбет ауданында өткен жылы кәмелет жасқа толмағандар арасында 135 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы кәмелет жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысында айтылды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауова ауданда кәмелетке толмағандармен атқарылған жыл бойғы жұмыстарды пысықтады.