ШҰҒЫЛ! "Эталон меха" дүкенінің жәрмеңкесі жалғасуда (ВИДЕО) Толығырақ

Ауданда "Дені сау қарттық" акциясы өтті (ВИДЕО)

14:57, 20 сәуір 2018

Дені саудың - жаны сау. Салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану жас талғамайды. Осындай ұстанымды алға тартқан құрманғазылық ардагерлер Елбасы жолдауын қолдау мақсатында «Дені сау қарттық» акциясын өткізді. Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шарада, қариялар білікті дәрігерлердің кеңесін алып, медициналық  көмегіне жүгінді. Мамандар  өмір сүру жасын ұзарту, ұзақ өмір сүруге ықпал ететін факторлар жайында өз ойларын ортаға салды. Егде жаста жиі кездесетін ауру түрлері туралы ақпарат берді. Бүгінде қант диабетіне шалдыққан, артериялық қан қысымы жоғары адамдарға емханадан тегін дәрі-дәрмек беріледі. Ол үшін учаскелік қызмет бөліміне тексеріліп, тіркеуге тұру қажеттігі айтылды. Одан соң ардагерлер спорт кешіне барып, жүгіріп, жаттығулар жасап баршаға үлгі көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

Медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі түсіндірілді (ВИДЕО)
21:10, 18 шілде 2018
Медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі түсіндірілді (ВИ...
Толығырақ...
Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді (ВИДЕО)
20:52, 26 маусым 2018
Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Министр дәрігерлермен кездесті (ВИДЕО)
21:34, 11 қазан 2019
Министр дәрігерлермен кездесті (ВИДЕО)
Толығырақ...
Мемлекеттік бағдарламалар  түсіндірілді  (ВИДЕО)
18:30, 10 қазан 2019
Мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді (ВИДЕО)
Толығырақ...