ШҰҒЫЛ! Бала мектептен қуылмайды (ВИДЕО) Толығырақ

ЕАЭО: бизнес пен білім үйлесімінің интеграциясы

19:00, 23 мамыр 2014

Атыраудағы полипропилен өнімдерін шығаратын зауыты Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енуін асыға күтіп отыр.

 
Еуразиялық экономикалық одақ атыраулық индустиялды-инновациялық даму үдерісіне тың серпін бермек. Себебі, сауда нарығы кеңейіп, экономикалық қауымдастық арқылы алыс шетелдерге де сұраныстағы тауарларды шығынданбай жеткізуге жол ашылмақ.
 
Сондай-ақ, экономикалық ашық кеңістікте еркін білім алуға, оқу-тәжірибе алмасуға да қол жеткізілмек. Қазақстандық мамандарымыздың интеграция шеңберінде құқы шектелмей, жұмыс істеуіне мол мүмкіндік туады,-деп күтілуде.
 
Атырауда осыдан екі жыл бұрын үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған полипропилен өнімдерін шығаратын зауыты Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енуін асыға күтіп отыр.
 
 Себебі, зауыт өнімдеріне Ресейде үлкен сұраныс бар. Интеграциялық қатынас енді Ресей арқылы жергілікті өнімді алыс шетелдерге шығаруына мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыруға жол ашпақ.
 
Бүгінде өндірісте 168 адам еңбек етеді. Оның басым бөлігі жұмысшылар. Экономикалық қауымдастық ықпалында олардың жалақылары да өсіп, әлеуеті артпақ.
 
Равиль Сафиулин, кәсіпорынның коммерциялық директоры:
Бүгінде Кедендік одақ шеңберінде Ресей мен Беларусь елдеріне өнімдерімізді ешқандай кедергісіз шығарып отырмыз. Енді бірыңғай экономикалық кеңістік жергілікті өнімдерді одан әрі шетелдерде өткізуге үлкен септігін тигізбек. Сондықтан да, біз экономикалық одақты қуана қарсы аламыз. Себебі; өндірістік қуатымызды арттыруға мүмкіндік туады.
 
Интеграциялық ынтымақтастық тек кәсіпкерлік, сауда-саттық саласын ғана қамтымайды. Ол білім жүйесін дамыту мен экономикалық қауымдастық елдерінде өзара оқу тәжірибе алмасуға да жол ашады.
 
Бәрінен бұрын қазақстандық оқу орнын бітірген түлек экономикалық одақ шеңберінде өз мамандығы бойынша алаңсыз жұмыс істей алады. Яғни, маман дипломы одақ құрамындағы елдерде жарамды болмақ.
 
Профессор Жанна Шаяхметова Ресей, Беларусь және де алыс-жақын шетелдерде тәжірибе жинақтаған ғалым. Сондықтан экономикалық одақ шеңберіндегі білім алмасу интеграциясы білікті мамандарды дайындап шығаруға нақты қадам болмақ.
 
Жанна Шаяхметова, АИГИ кафедра меңгерушісі, профессор:
Біздің оқу орны Мәскеудің, Астраханьнның, Қырғыз елі мен Польшаның оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Сондықтан, экономикалық одақ шеңберінде мамандар дайындап шығаруымызға үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қазақстандық оқу орны дипломдарының жарамдылығы бізге берілген үлкен басымдық. Оны пайдаланып, біздің мамандар басқа жерлерде де жұмыс істей алатын болады, тәжірибе жинақтайды. Одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз.
 
Еуразиялық экономикалық одақ бизнес пен білімді ажыратпай, үйлесімде интеграциялық ынтымақтастыққа бастайды. Бұл өз кезегінде сапалы да сұраныстағы өнімді экспорттауға жол ашса, мамандар дайындауда халықаралық стандарттарды басшылыққа алып, білім сапасын жетілдіруге серпін бермек.
 
Нұрлыбек ҒИЗАТОВ

Тақырып бойынша материалдар

БОРТЫНДА 190 ЖОЛАУШЫСЫ БАР АЛЫП ҰШАҚ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚОНДЫРЫЛДЫ(ВИДЕО)
18:46, 24 маусым 2018
БОРТЫНДА 190 ЖОЛАУШЫСЫ БАР АЛЫП ҰШАҚ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚОНДЫРЫ...
Толығырақ...
Атырауда кәсіпкер әйелдер көбейді (ВИДЕО)
21:44, 16 наурыз 2018
Атырауда кәсіпкер әйелдер көбейді (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тарас Қасымовқа ескерткіш ашылды (ВИДЕО)
18:15, 9 қыркүйек 2019
Тарас Қасымовқа ескерткіш ашылды (ВИДЕО)
Толығырақ...
Қарапайым адамдардың мүддесі қорғалады (ВИДЕО)
21:50, 10 қыркүйек 2019
Қарапайым адамдардың мүддесі қорғалады (ВИДЕО)
Толығырақ...
БЦЖ егу уақытша тоқтатылады (ВИДЕО)
22:03, 11 қыркүйек 2019
БЦЖ егу уақытша тоқтатылады (ВИДЕО)
Толығырақ...