ШҰҒЫЛ! Цифрлы құжаттар қолданысқа енеді Толығырақ

Ізмағанбет Бағдат Мәдиұлы

 19437615_783310115172326_1978897282241368432_n.jpg1987 жылы 1 наурызда БҚО Ақжайық ауданында дүниеге келген. 2014 жылы «Еуразия» академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған.

2005-2006 ж.ж.   Орал қалалық радиосында журналист, диктор, 2006 жылы Орал қаласы әкімдігінің «Жайық үні» қалалық қоғамдық-саяси газетінде журналист және жарнама менеджері қызметін атқарды.

2007-2012 ж.ж аралығында қалалық «ТДК-42» телеарнасында  жаңалықтар қызметінің редакторы, жаңалықтар жүргізушісі, «Айтарым бар» ток-шоуының жүргізушісі, «Жайық жастары» бағдарламасының авторы және жүргізушісі. «Ислам ақиқаты» діни-танымдық бағдарламасының авторы және жүргізушісі. 2012-2013 ж.ж «Қазақстан» ТРК БҚОФ – «Қазақстан-Орал» телеарнасында жаңалықтар қызметінің тілшісі және жаңалықтар жүргізушісі.

2012-2013 ж.ж. «Жайық Пресс» ЖШС журналист, ақпарат орталығының  меңгерушісі болып қызмет етті. Медиахолдингтің жеке сайтына ақпараттар орналастыру, өңірдің тарихи-мәдени мұралары туралы деректі фильмдер түсіру жұмыстарын атқарды. 

2013-2014 ж.ж.  «Евразия+ОРТ» ЖШС  Республикалық «Еуразия бірінші арнасы» БҚО-дағы меншікті тілшісі. Эфирге сюжеттер дайындап, тақырыптық хабарлар түсіріп, журналисттік зерттеулер жүргізді.

2014-2016 ж.ж. «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат орталығының үйлестірушісі болып жұмыс жасады.

2016-2017 ж.ж. Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалында қызмет етті.

ЖЕТІСТІКТЕР:

2008 жылдың үздік тілшісі (БҚО Ішкі саясат басқармасы, «Жыл үздігі-2008» жастар премиясы)

2009 жылы  «Жайықтан-жыр самалы» өлеңдер мүшәйрасының гран-при иегері (Орал қаласының әкімдігі)

2010 жылы «Жас маман» аталымын жеңіп алды  (БҚО ішкі саясат басқармасы)

2010 жылы  облыстық журналистер арасындағы байқауда «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.