ШҰҒЫЛ! Цифрлы құжаттар қолданысқа енеді Толығырақ

Өтепова Ләззат Еділханқызы

Ләззат Еділханқызы Өтепова Ләззат Еділханқызы Өтепова 1983 жылы 26 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Әйтеке би ауылында  дүниеге келген. 

2000 жылы мектепті үздік бітірген.

Мектеп бітірісімен  еңбекке араласты.  «Алтын Орда» республикалық апталық газетінде корректор қызметін, сонан соң тілші, жауапты хатшы қызметттерін атқарды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.  

2003-2006 жылдары «Ақ Жайық» аймақтық апталық  басылымында тілші

2007-2014 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының («Қазақстан-Атырау» телеарнасы) жаңалықтар қызметінде редактор болып еңбек етті.

Тікелей эфирде өтетін 30 минуттық «Көкейкесті» хабарының жүргізушісі. Қоғамдағы өзекті мәселелерді уақытылы көтеріп, көрермен назарына ұсынып отыратын «Зер салыңыз» арнайы шығарылымының редакторы болып еңбек етті.

 

2014 жылдың 2 маусымынан телеарнаның «Жаңалықтар» қызметінің шеф-редакторы.

 

Тікелей эфирде өтетін 30 минуттық «Көкейкесті» хабарының жүргізушісі. Қоғамдағы өзекті мәселелерді уақытылы көтеріп, көрермен назарына ұсынып отыратын «Зер салыңыз» арнайы шығарылымының редакторы.

 

2004 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі.

2010 жылы облыстық мәслихаттың «Алғыс хатымен»,

2012 жылы Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2012 жылы «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған «Нұр Сұңқар» республикалық журналистер байқауының «Көзқарас» номинациясының номинанты.

2013 жылы Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтың «Алғыс хаты» және қаржы полициясының «Мақтау қағазымен» марапатталған.

2013-2014 ж.ж «Нұр Медиа» ЖШС-нің Атырау облысы бойынша өңірлік тілшісі қызметін қоса атқарып, «Munara.kz» сайты мен «Айқын» республикалық  газетіне Атырау облысындағы әлеуметтік, экономикалық  мәселелерді  жариялады. 

2013 жыл қорытындысы бойынша Атырау облысында өткен  «Жыл адамы-2013» байқауының «Үздік журналист» номинациясын иеленді.

2014 жылы «Нұр Отан» партиясың 15 жылдығына орай Атырау қалалық әкімі, филиал төрағасы С.Айдарбековтың  «Алғыс хатын» иеленді.

2015 жылы ҚР Журналистер Одағы  Атырау облыстық филиалының қолдауымен «ҚазМЕДИА» орталығындағы «Медиа мектеп» ұйымдастырған «Телевизиялық мәтін: жазу және редакциялау» атты публицист Қайнар Олжай өткізген оқу-семинарына қатысып, сертификат иеленді. /Астана/