ШҰҒЫЛ! Атыраулықтар арзан өнімге қол жеткізді (ВИДЕО) Толығырақ

Ерназарова Гүлдана Абайқызы

198Ерназарова Гүлдана Абайқызы7 жылы 4 мамырда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Әлия Молдағұлова ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қ. Жұбанов атындағы  АМУ-нің филология факультетін қызыл дипломмен бітірген. « Филология магистрі» академиялық ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.

2008-2010ж.ж. – «31 арна-Ақтөбе». «Жұмадағы жүздесу», «Достық», «Ақтөбе: бүгін және келешек» бағдарламасының редакторы;

2010-2015 ж.ж. – «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалында жаңалықтар бөлімінің  редакторы, жүргізуші;

2015 ж, қаңтар- маусым-  «Нұр» телеарнасы, «Төртінші студия» жаңалықтар бөлімінің аға редакторы, жүргізуші;

2015 шілде айынан бері «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалында жаңалықтар бөлімінің редакторы, әрі жүргізушісі болып қызмет етуде.

Жетістіктері:

2009- Облыстық «Дін және жастар» байқауының жеңімпазы. Қалалық «Гендерлік теңдік» байқауының жеңімпазы.

2010 -  «Нұр Отан» ХДП-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбын кең көлемде насихаттаған бұқаралық ақпарат құралы» тақырыбындағы республикалық байқауда «Ең үздік шығармашылық ұжым» номинациясының лауреаты.

2014 жылы  журналистердің кәсіби мерекесіне орай Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтың алғыс хатымен және сыйақысымен марапатталған.