ШҰҒЫЛ! Атыраулықтар арзан өнімге қол жеткізді (ВИДЕО) Толығырақ

Әбжатырова Слухия Қаттарқызы

Әбжатырова Слухия Қаттарқызы

Әбжатырова Слухия Қаттарқызы – облыстық радионың аға редакторы

1963 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Ганюшкин селосында дүниеге келген. 1981жылы Ломоносов атындағы орта мектепті тәмамдап, 1981-1983 жылдары сол кездегі Гурьев мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана» бөлімін оқып бітірген.

Алғаш еңбек жолын Құрманғазы аудандық мәдениет үйінде мәдени шараларды ұйымдастырушы болып бастайды. Кейін саладағы іскер ұйымдастырушылығы арқасында инспектор, әдіскер болып еңбек етеді.

1994 жылы Атырау облыстық телерадиокомпаниясына диктор болып қызметке орналасады. Шығармашылық шеберлігін шыңдай отырып, дыбыс режиссері, жауапты шығарушы-редактор, кейін редактор болып қызмет еткен.

Слухия Қаттарқызы экран айнасы-диктор бола жүріп, ауқымды хабарлар дайындауға да белсене араласты. Мәселен, әр жылдары оның дайындаған «Жұлдыздар алаңы», «Арулар-асыл жандар», «Мәдениет», «Денсаулық» т.б. хабарлары көрерменнің ыстық ілтипатына бөленді. Облыстағы екі іргелі сала денсаулық сақтау мен мәдениет жаңалықтар бұл бағдарламаларда жан-жақты қамтылды. 2002 жылы Атырау мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша сырттай бөлімін бітірді. Қазіргі таңда облыстық радионың аға редакторы.