ШҰҒЫЛ! Төрт түлікке су қажет (ВИДЕО) Толығырақ

Лаура Бекжiгiт

  Лаура Бекжiгiт  - «Jańalyq qyzmetı»  шеф-редакторы

Білім алған оқу орындары:

Еуразия  Ұлттық  Университеті, Астана

1999 – 2004 (жоғары білім)

  • «Халықаралық  журналист»  мамандығы бойынша   үздік дипломмен бітірді. Ақселеу Сейдімбек, Қуандық Шамақайұлы, Сембай Қисымовтардың дәрісін тыңдап, тәлімін  алған.

Еуразия Ұлттық  Университеті, Астана

2004 – 2006 (магистратура)

  • Журналистика  магистрі  біліктілігі мен академиялық  дәрежесі  берілді. Ғылыми жобаның тақырыбы: /Байырғы мерзімді  басылымдар  -  мәдени мұра.   ХХ ғасырдың   басындағы  БАҚ  материалдары негізінде./

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

10.10.2003-02.08.2004 

«Эра» телеарнасы» /Астана/

  • Жаңалықтар бөлімінде тілші  қызметін атқарды;
  • «Заң  және қоғам» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.   20 минуттық бағдарламада құқық қорғау органдарының халық  алдындағы  қызметі мен міндеттері жайында баяндалды. Сондай-ақ, әшкереленген қылмыстық  істер туралы репортаждар жасалынды.

08.10.2004-20.05.2005  

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы /Астана/

  • Келісім-шарт  негізінде жаңалықтар бөлімінде тілші қызметін атқарды.

 

23.05.2005-24.06.2012

«Хабар» Агенттігі» /Астана/

  • «Бетпе-бет» бағдарламасының редакторы.

Күнделікті  әлеуметтік  мәселелерге қатысты интервьюерлерден сұқбат алумен  қатар, сараптамалық материалдарды  дайындады.

  • Жаңалықтар бөлімінің әкімшілігі қызметін атқарды.

 

14.05.2012 -02.07.2014

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасы /Петропавл/

  • «Тікелей эфирде» бағдарламасының  жүргізушісі.

Қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың өзекті де өткір мәселелеріне  арналған тікелей эфир. «Тікелей эфирде»  - атқарушы орган мен облыс тұрғындары арасындағы жанды көпір болды. Бағдарлама көрермендерге көгілдір  экрандағы тікелей жүздесу арқылы өздерін толғандыратын сауалдарға бірден  жауап алып, ұсыныс-тілектерін  білдіруге мүмкіндік  берді.

  • Жаңалықтар редакциясында тілші  қызметін  атқарды.

01.12.2014-01.01.2016  «Жетінші  арна»

  • «Күнбастар» ақпараттық-танымдық, көңіл сергітетін таңғы бағдарлама. «Таңғы тәбет», «Түрлі, түрлі», «Құтты қонақ»   айдарының  редакторы.