ШҰҒЫЛ! Атыраулықтар арзан өнімге қол жеткізді (ВИДЕО) Толығырақ

Телеарна туралы

1938 жылы 12 ақпанда Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы Гурьев облысы жөніндегі ұйымдастыру бюросының шешімімен Радиоландыру және радио хабарлары жөніндегі комитеті (төрағасы –  Т.Исембергенов) құрылды.
 
1938 жылы 2 наурызда алғаш рет радиохабар эфирге шығады. 1953-58 жж. – облыстық Мәдениет басқармасы жанындағы радиоредакция құрылды.
 
1957 жылы Еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитеті жанындағы радио комитеті болып қайта құрылады.
 
1967 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында теледидар хабарының тұсаукесері өтеді. Материалдық-техникалық жағдайы әлсіз болғандықтан, Гурьев теледидары 1976 жылдың 31 желтоқсанында жұмысын тоқтатқан.
 
1990 жылы 23 қыркүйектен бастап, Атырау теледидары (кейіннен «Қазақстан-Атырау» телеарнасы) эфирге тұрақты түрде шыға бастады. Теледидардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін алты желілік емес өңдеу жүйелері Adobe Premiere 6.0, EDIUS, Velocity бағдарламаларымен жұмыс жасайды. Композитті, SVHS және DV-ге арналған шығыс-кірістері бар, бейнеөңдеу кешендерінің әрқайсысы SONY DSR-1500 AP бейнемагнитофондары мен бейне және дыбыс қадағалауға арналған құрылғылармен жабдықталған. Бейнеқор DVCAM форматында сақталады.
Бұрын бір ғана 190 шаршы метр студия болса, қазір екі студиядан тұрады.
Басшылары:
1. 1987-1995 жж. – Нұрғалиев Айтқали Құмарғалиұлы;
2. 1995-1999 жж. – Берішбай Төлеген Сақтағанұлы;
3. 1999-2000 жж. – Көжеков Жасұлан Ғайнешұлы;
4. 2000-2008 жж. – Нұрғалиев Айтқали Құмарғалиұлы;
5. 2008 ж. сәуір-қыркүйек – Дәуленов Елтай Кенжетайұлы;
6. 2008-2009 жж. – Жылқайдаров Ерлік Әуелханұлы;
7. 2009 ж. қыркүйек - 2013 ж. сәуір – Татанов Әлібек Жартайұлы.
8. 2013 ж. сәуір – Әшімов Асқар Тұрғанбекұлы.
 
 
Жетістіктер:
 
2010 жылы облыстық телехабарлар 14 сағат көлемінде облыстың барлық аудандарына, Атырау қаласына 17 сағат бойы үздіксіз таратыла бастады. Облыс тұрғындарының телеарна хабарларымен қамтылу деңгейі 97,15% құрады.
Телеарна хабарларымен 2010 жылы облыстың барлық аудандарында тілшілер қосыны (әрқайсысына штаттан тыс 2 бірлік) құрылып, оларға камера, монтаждық құрал-жабдықтар берілді.
2012 жылы «ЭтноӘлем» телетриптих циклы (авторы Э.Есмұратова) журналистердің Бейбіт Құсанбек атындағы V республикалық байқауында  /Алматы / ІІ орынды иеленді.
2012 жылы «Аманат» хабары (авторы Э.Есмұратова) Қазақ Географиялық қоғамы мен Қазақстан Журналистер одағы жүлделеріне жарияланған көркемшілік байқауының /Алматы/ жеңімпазы атанды.
2012 жылы «Шежіре тұнған Атырау» деректі фильмі (авторы Э.Есмұратова) Халықаралық «Шабыт-2012» фестивалінің /Астана/ дипломанты;
2012 жылы «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған «Нұр Сұңқар» байқауында «Жаңалықтар» қызметінің қоғамдық-саяси тақырыптағы бейнематериалдары (авторы Л.Өтепова) «Көзқарас» номинациясының жеңімпазы атанды.
2013 жылы Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен өңірдің тарихи құндылығын сипаттайтын 10 бөлімді «Хазардан – Қазаққа дейін...»  телеэкспедициялық фильмі (идея авторы Н.Қосшиев, қоюшы режиссері А.Әшімов) жарық көрді.
2013 жылы «Қуатты Қазақстан-2050» телекөпірі үшін «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша – І жүлде (режиссер А.Байқұтова), ең үздік шығармашылық жұмыс көрсеткен «Үздік телехабар» номинациясы бойынша – ІІ жүлде (редактор Д.Құспанова) иегері;
2013 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нің құрылғанына 20 жыл толуына арналған облыстық конкурстың «Үздік телетуынды» номинациясының І және ІІ дәрежелі дипломдарын (редакторлар Б.Халелова, Э.Есмұратова) иеленді;
2013 жылы Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас қоғам» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жас дарын» сыйлығының «Үздік жас журналист» номинациясы және «Жас медиа» республикалық жастар форумының сертификатымен (редактор А.Сәндібаева) марапатталды;
2013 жылы Атырау облысы бойынша «Жыл адамы-2013» байқауында «Үздік журналист» номинациясын (редактор Л.Өтепова) иеленді.
Атырау облысы әкімінің Т.Амандосов атындағы сыйлығының иегерлері:
2002 ж. – Ғабдешова Ғалия Құмарғалиқызы;
2003 ж. – Сатылғанова Индира Салауатқызы;
2004 ж. – Қаражанова Ғалия Аманбайқызы;
2005 ж. – Ермұқанова (Шәукенова) Шынар Құсекенқызы;
2006 ж. – Құспанова Дина Насухқызы;
2007 ж. – Хайруллина Айымгүл Мақатқызы;
2008 ж. – Қосмағамбет Ләззат Төлепбергенқызы;
2010 ж. – Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы.
2013 ж. – Халелова Балауса Пушкинқызы
2015 ж  – Әбжатырова Слухия Қаттарқызы 
2015 ж - Қарабалаева Ботагөз Есенбекқызы
 
 
 

2012 жылы - «Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ «Құрмет белгісі» төсбелгісімен  телеарнаның бас есепшісі Масрипа Есенғалиева марапатталды.

2014 жылы  - «Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ «Құрмет белгісі» төсбелгісімен  «Қазақстан-Атырау» радиосының  шеф-редакторы Слухия Абжатырова марапатталды.

2015 жылы  - 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай Атырау қаласы әкімінің алғыс  хатымен жарнама жөніндегі аға  менеджер Жанаргүл Жұмаханова марапатталды.

2015 жылы  - Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Атырау облыстық БАҚ өкілдері арасындағы конкурста редактор Балауса Халелованың «Ұлағат» бағдарламасы жүлделі III орынды иеленді.

2015 жылы - ҚР Инвестиция және даму министрлігінің грамотасымен филиал директоры Асқар Әшімов, Бас редактор Рауан Сәбитов, редактор Балауса Халелова марапатталды.

2016 жылы - Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған сайыста Айбек Өтемісов «Үздік телеоператор» номинациясына ие болды.

2016 жылы - ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің  алғыс хатымен филиал директорының орынбасары, Бас редактор Жанар Байсемізова марапатталды.